Қазақша посттар
Мотивация

Көптің бірі болма, көштің бірі бол! 🧡

Әлемнің дамып, ілгері басуына жер бетіндегі барлық адамдардың 1%-ы ғана қауқарлы. Бұл 1% адамдар, 99% адамдар жасамайтын немесе жасай алмайтын істерді атқаратын, сыни ойлай алатын, креативті және өз-өздеріне сенімді адамдар. 1%-дың қатарына қосылу үшін міндетті түрде бай болу шарт емес. Ең бастысы, өзіңді көптің бірімін деп есептемей, өзіңді және әлемді өзгертуге үлкен қызығушылық танытып, соған сай әрекет етсең болғаны.


Сонымен әлемнің 1% адамдарының қатарында болу үшін нақты не істеу қажет?

  1. Ақылды адамдар өз күнін барлығына үлгеретіндей етіп, жоспарлай біледі. Сондықтан сен де әр күніңді жоспарлап, уақытыңның бостан-босқа кетпеуін қадағалағаның жөн. Көп адамдар кітап оқып, спортпен айналысып, өз-өздерін дамытуға ұмтылмайды. Ал әлгі 1% адамдар мақсаттарына қол жеткізу үшін осы аталғандардың барлығын жасап, үнемі жаңа нәрселерді үйренуге ұмтылады.
  2. Көптің бірі болу оңай нәрсе, ал көштің бірі болу оңай емес. Себебі көштің бірі болу үшін сен үнемі отбасыңның достарыңның немесе басқа да адамдардың ықпалына түсіп кетпей, өз ұстанымдарыңды бірінші орынға қоя білу керексің. Әрине, сөзсіз, бұл - өте қиын. Айналаң сені үнемі көптің бірі болуға итермелеп, ойыңнан айнытуға тырысады. Егер сен дер кезінде "жоқ" деп айта алмасаң, онда өзің де көптің біріне айналасың. Сол үшін де, өзіңді тұлға ретінде қалыптастыруды қазірден бастағаның абзал.