Қазақша посттар

Энтузиазмды оятудың 4 жолы

Думай и богатей деп аталатын бестселлердің авторы Наполеон Хилл: Энтузиазм - адамның бірнәрсе істеуге деген құлшынысын оятып, шабыт беретін эмоционалдық күй деген екен. Шынында да, энтузиазмды әрекет етуге итермелейтін қандай да бір күш деп, сипаттауымызға әбден болады. Осыған орай бүгінгі постымызда энтузиазмды оятудың бірнеше жолдарымен бөлісетін боламыз.





1. Әр күніңді ұсақ-түйекке дейін жоспарлап отыру - өнімділігіңді арттырып, энтузиазмыңды оятады. Ал, керісінше, ештеңені жоспарламай, әр істі бір бастап, аяғына дейін жеткізбеу - мотивацияңды төмендетіп, күйзеліске ұшыратады.





2. Физикалық түрде шаршап тұрып, энтузиаст болу мүмкін емес. Сондықтан әрдайым дұрыс тамақтанып, уақытылы ұйықтап, жиі-жиі спортпен айналысуды әдетке айналдыр.





3. Өзіңді өмірге жақсы көзқараспен қарайтын және энтузиаст адамдармен қоршауға тырыс. Энтузиаст адамдар көбіне тәуекелге барып, өз мақсаттарын орындау үшін ештеңеден де қайтпайтындығымен белгілі.





4. Біреуде музыка тыңдаған соң энтузиазм оянады, ал біреуде фильм қарап немесе мотивациялық кітап оқығаннан кейін оянады. Сен де өзіңе мотивация беріп, құлшынысыңды оятатын ісіңді табуға тырыс.