Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

«Адам болсаң басқаға пайдаңды шаш»

«Адам болсаң басқаға пайдаңды шаш» деп Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқан екен. Табыс пен жетістікке жеткен тұлғалардың бәріне ортақ бір ерекшелігі бар: қоғамға пайдалы болу. Эндрю Карнеги деген өте бай кәсіпкер болған. Ол қоғамға пайдасын тегін кітапхана салумен тигізген. Қанша кітапхана салды деп ойлайсың? 5? 10? 16?

2509!!! Осынша кітапхана салған. Денең түршігіп кеткен болар. Ең алғашқы кітапхананы 1883 жылы туған жеріне салған екен. Нағыз ұлтжанды азамат! Арада бір ғасыр өткенде АҚШ-тың технологиясы қалай дамып кеткенін көрдің ғой? Олардың көпшілігі сол кітапханадан сусындап өскендер екеніне күмән болмасын.


Көрдің бе, осыншама кітапхана салуға қанша ақша кетеді. Ал Карнегидің байлығы көбейген үстіне көбейген. Себебі бүкіләлемдік тартылыс заңына сай, берген сайын аласың. Сен де, құрметті жас, еліңе пайдамды тигізем деген үлкен мақсатың болсын. Бұл мақсат адастырмайды. Мейлі аз болсын, көп болсын, адамның ниеті амалдан бұрын озады.

Бай болу үшін қандай мамандық таңдауым керек дейтін сұрақтар туындайтын шығар. JOO.kz мобильді қосымшасынан «Менеджмент», «Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі» т.б. мамандықтарды қарап шық. Жалпы барлық адам бизнесмен бола алмас. Бірақ кез келген маман бай бола алады. «Хәрри Поттер» кітабының авторы Дж.Роулиңнің мамандығы – жазушы. Ал байлығы ағылшын патшайымынан да жоғары. Ойланып көр.