Ойларыңды қағазға түсірсең, өзіңді жақсырақ тануға және күшті идеяларға айналдыруға көмектеседі.
Әйгілі инвестор әрі бизнесмен Уоррен Баффетт те қабылдаған шешімі мен болашаққа құрған жоспарына сенімсіз болса, оларды нақтылап, керек еместерін алып тастау үшін қағазға жазады екен.
Кейде ойыңды жинақтай алмай, бірнәрсеге зейін қоя алмайтын кездер болады. Ондай жағдайда қолыңа қалам мен қағаз алып, ойыңдағыны түк қалдырмай жазып шығуға тырыс. Бұлай жасау саған керексіз ойлардан арылып, уақытыңды тиімдірек пайдалануға септігін тигізеді.
Жалпы ойыңды жазып, күнделік жүргізудің пайдалы жақтары өте көп. Ағзадағы стресс деңгейін бірқалыпта ұстап, ішіңдегі ашу-ызаның барлығын сыртқа шығарудың шешімі қарапайым қағаз бен қаламда екен.
Ал сен керексіз ойлардан арылу үшін қандай әрекет жасайсың?