Био-гео таңдағандар барсыңдар ма? Мамандық таңдадыңдар ма? Осы екі пәнге дайындалып, 9 мамандыққа түсе аласың. Тізімі төмендегідей:
1) Педагогика және психология
2) Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
3) Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
4) Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
5) Арнайы педагогика мамандарын даярлау
6) Психология
7) Қоршаған орта
8) Орман шаруашылығы
9) Әлеуметтік жұмыс
Бір қызығы, мұндағы кейбір мамандықтарға сұраныс жоғары болғанмен, айлығы төмен. Ал енді біріне сұраныс төмен болса да, айлығы жоғары. Бұл екі пәнді таңдай отырып, адаммен, оқушымен жұмыс істейтін мамандықтарға түсе аласың. Мысалы, Психология мамандығына (мамандықтар тобына) 290 грант бөлінген. Шектік балл – 88.
Бұл мәліметтерді өзің де көре аласың. Бар болғаны JOO.kz мобильді қосымшасына кіріп, «Мамандықтар» бөліміне өт.