Аударма ісі яғни аудармашы, адамдар бір-бірімен тығыз қарым-қатынас орнатқан кезден бастап сұраныстағы мамандық. Екі адамның арасындағы тілмаш рөлін атқаратын аудармашының келіссөз барысындағы жауапкершілігі өте зор. Ал осы мамандықтың қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар?
Артықшылықтары:
+ көп тіл білетін, сауатты маманға сұраныс өте жоғары және жалақысы да соған сай ауқымды.
+ білім саласымен де айналыса алу мүмкіндігі бар.
+ көптеген елдерге еш қиындықсыз саяхат, жаңа достар табу мүмкіндігі жоғары
+ психологиялық тұрғыдан жетілген маман болсаң, дипломаттық қызмет атқаруға да мүмкіндік бар.
Кемшіліктері:
- тұрақсыздық
- маман ретінде дамуы баяу
- жеке қабілеттерді аз талап етеді
- тілді өте жақсы меңгермесе, жұмыс табылуы қиын
Сенің мамандығың қандай? Келесіде қай мамандық жайлы күтетініңді төменге жаза кет.