Қазақша посттар
2022-07-26 15:17 Пайдалы кеңестер

Аударма ісі мамандығы жайлы 🎓

Аударма ісі яғни аудармашы, адамдар бір-бірімен тығыз қарым-қатынас орнатқан кезден бастап сұраныстағы мамандық. Екі адамның арасындағы тілмаш рөлін атқаратын аудармашының келіссөз барысындағы жауапкершілігі өте зор. Ал осы мамандықтың қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар?


Артықшылықтары:

+ көп тіл білетін, сауатты маманға сұраныс өте жоғары және жалақысы да соған сай ауқымды.

+ білім саласымен де айналыса алу мүмкіндігі бар.

+ көптеген елдерге еш қиындықсыз саяхат, жаңа достар табу мүмкіндігі жоғары

+ психологиялық тұрғыдан жетілген маман болсаң, дипломаттық қызмет атқаруға да мүмкіндік бар.


Кемшіліктері:

- тұрақсыздық

- маман ретінде дамуы баяу

- жеке қабілеттерді аз талап етеді

- тілді өте жақсы меңгермесе, жұмыс табылуы қиын

Сенің мамандығың қандай? Келесіде қай мамандық жайлы күтетініңді төменге жаза кет.