Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Өмірде қажет болатын 4 маңызды кеңес

№1. Басқалардың сенің өміріңе араласып, басқарып кетуіне жол берме. Тіпті ата-анаң мен достарыңа да. Біреудің пікірі мен ақылына жалтақтамай, өз өміріңе қатысты барлық маңызды шешімдерді өзің қабылдап үйрен.


№2. Адамдарға, жансыз заттарға бауыр басып, оларға қатты үйренісіп қалмауға тырыс. Егер саған арманыңды қуып жету үшін ертең қолыңда бар нәрсенің 90%-ын тастау керек болса, сен оны жасай аласың ба? Осы сұраққа иә/жоқ деп жауап беруіңе қарап, сенің өз өміріңді қаншалықты басқара алатыныңды білуге болады.


№3. Өзгелердің пікірі сен үшін шындыққа айналмауы тиіс. Айналаңдағы адамдардың пікірлерін толықтай ақиқат ретінде қабылдап, бәрімен бірдей келісе берме. Айтылған ойлардың шындық екеніне көз жеткізгеннен кейін барып, өз қорытындыңды шығар.


№4. Үйренем деген адамға, алынбайтын қамал, бағынбайтын белес жоқ. Саған басқалар: "Сенің қолыңнан келмейді", "Саған бұл істі атқаруға ақыл, күш немесе сенімділік жетіспейді" деп айтуы мүмкін. Бірақ сен олардың сөздеріне мән берме, "ит үреді, керуен көшеді" деген мақалды есіңе ал да, айтылған сөзге мән бермей, өз армандарыңа тағы да бір қадам жақындауға асық.