Қазақша посттар

Пи күні құтты болсын!

Құрметті достар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Бүгін - математикадағы Пи саны күні!



Бұл мейрамды американдық физик Ларри Шоу ойлап тапқан. Ол ай мен күндердің сәйкестігін қарап, Пи санын шығара алған. Яғни, наурыз - 3 ай, 14 күн, және 1:59:26 сағат дәл Пи санының алғашқы сандарын шығарады екен.





Бұл мейрамды көбісі түнде, яғни 1:59:26 уақытында тойлайды екен. Бұл күні адамдар ПИ-рогтар дайындап, Пи-ден басталатын тағамдарды, сусындарды тұтынады екен. Және ең қызығы - осы күні адамдар барында логикалық ойындар ойнап, кроссвордтар шешеді екен.



Қызықты факт: әйгілі физик Альберт Эйнштейн осы күні туылған, ал тағы бір әлемге әйгілі физик Стивен Хокинг осы күні өмірден өткен екен.





Мейрамдарыңызбен! Математиканы бізбен бірге оқыңыздар!