Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Менің ірімшігіме тиіскен кім?

Өмірде жетістікке жетіп, мақсатты орындауымыз тек өзімізге байланысты. Бұған дәлел ретінде Спенсер Джонсонның "Менің ірімшігіме тиіскен кім?" атты мысалын ұсынамыз.


Екі кішкентай тышқан мен екі адамды лабиринтке ірімшік іздеуге жібереді. Алайда ірімшік бастапқыда уәде етілген жерде болмай шығады. Бұндай жағдайда тышқандар қалай әрекет етеді, адамдар қалай әрекет етеді?


Тышқандар ірімшіктің жоқ екенін көре сала, дереу бірігіп, басқа ірімшікті табудың жолын қарастыра бастайды. Ал адамдар болса, ірімшіктің жоқ екенін көрген соң әрекетке көшудің орнына, бірін-бірі кінәлап, босқа уақыт жоғалтады.


Бұдан шығатын түйін: Қандай да бір қиындыққа тап болсаң, басқаларды немесе өзіңді кінәлап, бостан-босқа уақытыңды жоғалтпа. Кез келген өзгеріске дайын бол. Алға қарай жылжуды тоқтатпа.