Қазақша посттар

Сіз қай уақытта белсендісіз?

Кейбір адамдар күндіз шаршап, ұйқысы келіп жүреді де, кешке қарай бойында энергиясы артып, құлшыныс пайда болады. Неге деп ойлайсыз?





Себебі әр организм әртүрлі болғандықтан оның белсенді болу кездері де әртүрлі. Бірақ біз осы заңдылықты қолдану арқылы біздің ағзамыздың ең белсенді болатын уақыттарын анықтауға мүмкіндік аламыз.





Ол үшін әрбір сағат сайын өзіңіздің қаншалықты энергияға толы және құлшынысыңыздың жоғары екенін 5 баллдық сатымен бағалап көруіңіз қажет.





Бір аптадан соң сіз өзіңіздің қай уақытта белсенді, ал қай уақытта шаршаңқы сезінетіндігіңізден толық хабардар болатын боласыз.





Ары қарай бұл деректерді өзіңіздің күнделікті құрып жүрген жоспарыңызға қосасыз. Мысалы:





8:00 - мен бұл уақытта энергияға толы боламын. Сондықтан осы уақытты маңызды істер атқаруға жұмсаймын.





9:00 - бұл кезде менің белсенділігім орташа деңгейде болады. Демек бұл уақытты мен монотонды жұмысқа арнаймын.





11:00 - осы кезде менің белсенділігім өте төмен, сол үшін мен бұл уақытта біраз уақыт демаламын.





Көрдіңіз бе? Сіз де дәл осылай қылып жазып қойсаңыз болады. Ең қиын, ойландыратын істерді миыңыз ең белсенді кездерге қалдырып, күнделікті орындалатын іс-әрекеттерді орташа деңгейдегі белсенді кезіңізге қалдырғаныңыз дұрыс.





Әрбір 90-120 минут сайын ми белсенділігі өзгеріп отырады. Сол себепті біз біресе құлшынып, біресе ештеңеге зауқымыз соқпай тұрғандығын сезінеміз. Егер өзіңіздің қай кезде ең көп белсенділік танытатыныңызды біліп алсаңыз, оның сізге үлкен пайдасы болмақ. Күнделікті өмірде осыны қолдану арқылы сіз істерді бұрынғыдан да бетер эффективті, сапалы атқарып, энергияңызды пайдасыз нәрселерге жұмсамауды үйренетін боласыз.