Өткен аптадағы «Студент сөздігі» жазбасының сендерге ұнағанына өте қуаныштымыз және сендердің қалауларың бойынша біз бұл жазбамызды жалғастырамыз!
Рубежка дегеніміз не? Рубежка – бұл аралық бақылау жұмысы, жалпы түсініктірек болу үшін мектептегі БЖБ десек болады. Әдетте, көптеген университеттерде бір семестрде екі рет рубежка болады.
Әрине, бұл әзіл 😊 Ал жалпы кредит деген студенттердің бір семестрде өтетін академиялық сабақтары. Әрбір өтілетін сабақтар маңыздылығына қарай 2-ден 7-ге дейін кредитті құрайды. Бір семестрдегі жалпы кредит саны – 30. Бұл дегеніміз шамамен бір семестрде 5-7 пән оқуың мүмкін.
Жалпы сен, иә, иә болашақ студент, білу керек терминдер әлі де баршылық. Жалғасы қызықты ма?