Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Ми жайлы кең таралған 5 миф 🧠

1. Ми тек 10%-ға ғана жұмыс жасайды.

Ең көп таралған қате пікірдің бірі – миды 10%-ға ғана жұмыс жасайды деп ойлау. Шын мәнінде, ғалымдар әлі күнге дейін мидың қай бөлігі қанша пайызға жұмыс істейтінін толық зерттеп болған жоқ.


2. Мидың солтүстік және оңтүстік жартышары әртүрлі жұмыс істейді.

Қоғамда мидың солтүстік бөлігі рационалды ойлау мен логикаға жауап беріп, ал оңтүстік бөлігі шығармашылық пен креативке жауап береді деген пікір қалыптасқан. Бір қызығы, мидың оң жақ бөлігі зақымданса, сол жақ бөлігі оның қызметін өз мойнына алады.


3. Миды сұр зат деп атау.

Ми сұр зат емес, ми сұр және ақ бөліктерден тұрады деген дұрыс. Себебі ми: гиппокамп, таламус, гипофиз және т.с.с бөліктерден құралады. Ал бұл бөліктердің барлығы тағы да өз ішінен жасушаларға және нейрондарға бөлінеді.


4. Жүйке жасушалары қалпына келмейді.

90-шы жылдардың аяғы мен 2000-шы жылдардың басында пайда болған бұл мифті естімеген адам жоқ шығар. Алайда енді мифтің анық-қанығын анықтап, шындықты білетін уақыт келді.

Окленд және Гетебор университеттері жүргізген зерттеулер нәтижесінде дені сау ересек адамның жасушалары адаммен бірге есейіп, ересек нейрондарға айнала алатындығы анықталды.


5. Ми неғұрлым үлкен болса, адам соғұрлым ақылды.

Тағы да бір кеңінен таралған миф деп осы мифті айтуға болады. Негізінде адамның интеллектуалды түрде дамығандығы мидың үлкен-кішілігіне байланысты емес. Бар мәселе мидың күрделілігінде жатыр. Егер сен үнемі миыңды дамытатын жаттығулар жасап отыратын болсаң, интеллектуалды дәрежең өсе беретін болады. Ал миын дамытпайтын адамның интеллектуалды дәрежесі сол қалпында қалып, тіпті деградацияға ұшырауы да ғажап емес.