Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Жоспарды қалай құруға болады?

Ғылымда зерттелген мынадай тұжырым бар: қағазға жазылып жоспарланған істің орындалу ықтималдығы – 90%. Демек ойша жоспарлаған істің оннан бірі ғана орындалады деген сөз.


Ендеше, кез келген істі жоспарлап қағазға жаз. Мысалы, келесі күннің жоспарын бір күн бұрын кешке жаса. Мидағы жоспардың бәрін қағазға түсірсең, ойың да жинақы болады.

Таңдаған мамандыққа грант ұту үшін ҰБТ-дан қанша балл жинау керек? 120? Ендеше соған жетудің жоспарын жаса. Қандай пәндерге дайындаласың? Қайсысынан нашарсың? Оны күшейту үшін қандай тәсіл қолданасың? Әр ай сайын ҰБТ сынақ нәтижесін қанша баллға арттырып отырасың? Жоспарыңда ұсақ нәрсеге де орын болса тіпті жақсы.

Ағылшын тілінде еркін сөйлеп, сауатты жаза білу үшін жоспар құр. Уақыт, материал, сынақ, мұғалім, дайындық – бәрі қағазда сайрап тұрсын.


Бұл сенің картаң секілді болады. Баратын жеріңді адаспай табасың. Жоспар болса, ертеңіне ұйқыдан тұрғанда не істеу керектігін ойланбайсың. Сенде сол күннің мақсаты болады.


Жоспар болмаса, ертеңіне оянғанда бүгін не істеймін деп ойланбайсың. Бірден смартфонды шұқылап сол күнді өткізесің. Екі жағдайдың арасы жер мен көктей. Таңдау жасау сенің қолыңда!