Қазақша посттар

Наполеонға еліктеудің қажеті жоқ!

Әңгіме торт туралы емес). Қолбасшы туралы. Қазір ҰБТ-ға дейінгі уақыт қысқарған сайын мәселе көбейеді. Барлығына үлгергің келеді. Оқымаған, білмейтін нәрсе көп сияқты. Бір минут тыныш отыра алмайсың. Бір ойды бітірсең, екінші ой келеді. Ми өмірі демалмайды. Тып-тыныш отырып, 20 минут медитация жасау керек. Жайлы жерге жатып, алақаныңды жоғары қаратып, деміңді санап отыр. Бір уақытта деміңді санап жатқаныңды ұмытасың. Сол сәтте медитация басталады.





Напалеон күніне 4 сағат қана ұйықтаған дейді тарихшылар. Ол да көп нәрсеге үлгергісі келген шығар. Сендер олай жасамаңдар. Ұйқыларың толыққанды 7-8 сағат болсын. Ұйқының кезінде ми деген сондай жақсы демалады. Мәселе ояу жүрген уақытты өнімді өткізу.





Түн маған ұйықтау үшін берілмеген деп Мақатаевті оқып алып, оған да еліктеп жүрмеңдер.

Біз деген еліктегіш халықпыз ғой. Денсаулық бәрінен маңызды. ҰБТ-дан 140 балл алып тұрып, бірақ басыңнан бақайшағыңа дейін ауру боп тұрғанның несі жақсы?