1. Әр күн сайын кешке өзіңе есеп беруді әдетке айналдырып: "Бүгін арманыма қол жеткізу үшін не істедім?"деп сұрап отыр.
2. Әр күніңді жоспарлап, күнделікті істейтін істеріңнің тізімін оңай етіп құруға дағдылан. Себебі ми күрделі әрі қиындатып жазылған іс-әрекеттерді көргенде, орындаудан қашады.
3. Жаңа күн - жаңа мүмкіндік. Осы қағиданы назарда ұстай отырып, әрбір күніңді босқа жібермеуге үйрен. Кеше прокрастинацияға беріліп, жалқаулыққа салынғаның, бүгінгі күнді де дәл солай өткізуге болады дегенді білдірмейді.
4. Кез келген адам неге қол жеткізгісі келетінін іштей біледі. Тек барлық адам өз-өзіне құлақ аса білмейді. Соның салдарынан ұнамаған іспен айналысып, өзі таңдамаған жолмен жүруге мәжбүр болады. Ал бұл уақыт өте келе прокрастинацияға және құлшыныстың төмендеуіне әкеліп соқтырады. Бұдан арылу үшін алдымен өз-өзіңе сенімдірек болу қажет. Содан кейін ішкі қорқыныштарыңмен күресіп, олардан құтылудың жолын табу керек.