1. Арманыңа жетер жолда сүрінуің мүмкін, бірақ соған бола мұңайма. Еңсеңді тік көтеріп, қайтадан тұруға тырыс. Есіңде болсын, сенің қолыңнан бәрі келеді! ✊🏻
2. Сен сияқты қаншама адам жетістікке жетуді армандайды. Олар да сен секілді тырысып, ешқандай қиындыққа қарамастан алға жылжып келеді. Сондықтан ешбір кедергіге тоқтамай, толық мақсатыңа жетпейінше берілме.
3. Жетістікке жету үшін өзің қалағаннан да көбірек тырысып, ізденуің керек. Сол кезде қарсыластарыңды басып озып, армандарыңды орындай аласың.
4. Қорқыныш, ақталу, өзімшілдік, өзгелердің ойы мен пікірі секілді нәрселерге
тәуелді болма. Сондай-ақ сенің мүмкіндіктеріңді шектеп, көзқарасыңды өзгертуге бөгет жасайтын адамдар мен әдеттерге «Жоқ» деп, олардан құтылуға ұмтыл. 🙅🏻♂️
5. Ешкім бірден жетістікке жетпейді. Сондықтан өзіңді психологиялық түрде сәтсіздікке ұшырауға алдын-ала дайындап, «қандай жағдай болмасын, мақсатыма жетпей қоймаймын» – деп өз-өзіңе уәде бер.