Қазақша посттар

Тоқта! Бұл маған қажет пе?

Бір сағаттан бері тикток көріп жатырсың. Тоқта! Бұл саған қажет пе? Өміріңнің қай жеріне пайдасын тигізеді?





Түріктің, кәрістің, орыстың, филиппиндердің, американдардың сериалын көріп жүрсің күн сайын. Тоқта! Ойланып көрші, бұл саған шынымен қажет пе? Сериалдарға обзор жасап, соны блогқа жариялап, еңбегіңе миллион тауып жүрсең, жарайды. Ал құр көріп жүрсең, оның қандай пайдасы бар?





Таңертең төсектен тұрғың келмей, ұйқың қанса да, керіліп, созылып жата бересің. Тоқта! Бұлай жату саған қажет пе? Орныңнан атып тұрып, төсегіңді дереу жина. Таза ауаға шығып, сергі. Ойлан.





Пәленше жаман, түгенше жемқор, анау оңбаған, мынау жалқау! Тоқта! Бұл саған қажет пе? Сен арызданды деп олар бізді айтып жатыр. Қой, дұрысталайық дей ме?





Пайдалы кітап оқып жатырсың. Тіл үйреніп жатырсың. ҰБТ-ға дайындалып не құжат тапсырып жүрсің. Спортпен айналысып, достармен жақсы сұхбат құрасың. Ата-анаңа жақсы көретініңді айтасың. Тоқтама! Бұл саған қажет!