1) Батыр-Баян
Қалмақтың қызын тұтқынға алып, оған өзі ғашық болған Баян батырдың өмірі інісін өлтірумен жалғасатынын кім білген? Себебі інісі Ноян да қызға ғашық еді. Соны білген қалмақ аруы оны еліне қашуға көндіреді. Ашу меңдеген Баян екеуін де садақпен сұлатып салады. Артын өкініп, екеуін бірге жерлейді.
2) Қазақ хандығы
Рүстем Әбдірашевтің фильмі Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының желісімен түсірілген. Ол жерде Керей мен Жәнібектің бытыраған қазақ тайпаларын біріктіріп, Әбілқайыр хандығынан бөлініп шыққаны баяндалған.
3) Томирис
Ақан Сатаевтің киносы Сақ патшайымы Томиристің өмір жолын көрсетеді. Томиристің рөліне 20 000-нан астам қыз кастингке қатысқан. Соңында Альмираға бұйырып, ол сәтті ойнап шықты.
Тағы қандай тарихи фильмдерді білесіңдер?