Қазақша посттар
Мотивация

Мотивация: 3 кеңес

1. «Арманның орындалуына бір нәрсе ғана кедергі, ол – сәтсіздікке ұшырау қорқынышы, қалғандары себеп қана».

Жеке арман-мақсаттарыңа қатысты шешім қабылдағанда, басқа адамдардың сен туралы не ойлап, не айтатыны жайлы ойлама. Себебі егер қазір дұрыс шешім қабылдамасаң, кейін өкініп қалуың мүмкін. Сондықтан өзгелердің негізсіз пікірлеріне және сәтсіздіктерге назар аудармай, шешім қабылдаудан қорықпай, тек алға ұмтылуды ғана ойла.


2. «Тәртіп - жеңістің алғашқы нышаны».

Құр армандап отыра беру сені жетістікке алып келмейді. Жетістікке жету үшін қол қусырып отырмай, әрекет етіп, жаңа мүмкіндіктерді іздеу керек.

Кейде сенің ештеңеге зауқың болмай, ештеңе жасағың келмейтін кездер болады. Сондай кездерде сені алға сүйреп, құлшынысыңды оятатын нәрсе қажет. Ол - тәртіп. Тәртіп болса, сен оп-оңай беріле салмайсың, керісінше, өзіңді қайрап, табандылық танытып, қайтсең де мақсатыңа жетуге тырысасың.


3. «Жақсы ой жақсылыққа жетелейді».

Адамдардың 80%-ы жоспарлаған мақсаттарын орындамайды. Себебі олар "Сәтсіздікке ұшырап қалсам не істеймін?", "Егер ойлаған мақсатым жүзеге аспай қалса ше?" деген сияқты негативті ойларға беріліп, бос уайымға салынады. Нәтижесінде әлгі ойлар адамның бойын жаулап алып, оған кедергі жасайды. Сол себепті де, әрбір іс бастағанда, ісің оң болуы үшін тек жақсы сөздер айтып, жақсы ойлар ойлауға ұмтыл. Сонда ғана сен жетістікке жетіп, мақсатыңды орындай аласың.