Қазақша посттар

Табиғаттан үйренуге тұрарлық 3 сабақ

Тоқылдақ



Тоқылдақ - өте ақылды құс. Тоқылдатып, ағашты тесіп тастайды. Ол ағашты бір ұрғаннан екіге бөле алмайтынын біледі. Бір жерді ұзақ ұрғылап тұрады. Сөйтіп өзінің шыдамдылығы мен табандылығының арқасында жемтігіне жетеді.





Түйін: Мақсатқа жету жолында табандылық қажет. Аз-аздан, күн сайын.





Балық



Балық ағысқа қарсы жүзеді. Ол ағыспен бірге жүзіп, үнемі бір бағытта қозғалғысы келмейді. Сол сияқты адам да өмірде өзін тек бір бағытта дамытпауы қажет. Өмірдің барлық мүмкіндіктерін пайдаланып, тәжірибе жинауы қажет.





Түйін: Балық адамға жаңа нәрселерді байқап көруден қорықпауға үйретеді.





Жылан



Жылан кейбір адамдар секілді өз-өзіне көңілі толмай, шағымданбайды. Ол кейбір адамдар сияқты Мен басқа жерде туылуым қажет еді, мені ешкім жақсы көрмейді немесе менің қолымнан ештеңе келмейді деп айтпайды. Оның қолы да, аяғы да жоқ, сонда да өмірге налып, шағымданбайды. Ол өзінде бар нәрсені бағалап, өзінің кемшіліктерін емес артықшыларын ғана ойлауға тырысады.





Түйін: Жылан бізге өз кемшіліктерімізді ойлап, өмірден түңілмеуге үйретеді. Оның орнына өз-өзімізді қолға алып, тек жақсы жақтарымызды ойлауға шақырады.