1. Сату жөніндегі менеджер
Сауда саласына қатысы бар бұл мамандық адамды қандай әдіспен болса да, кез келген тауарды сату қабілетіне үйретеді.
2. Заңгер
Заңгер адамдар көбіне сабырлы болып келеді. Олар сөйлегенде профессионалды терминдерді қолданып сөйлегенді жақсы көреді. Киім кию стильдерінде де сабырлы түстерге басымдылық берілген.
3. Әскери адам
Бұл мамандықты таңдаған адамдар бала кезінен бастап, қатаң тәртіппен өсіп жетіледі. Психологтардың айтуы бойынша әскери адамдардың өз мамандықтарына беріліп кететіні сонша, көп жағдайда әскери өмір олар үшін өмір сүру дағдысына айналып кететіні де жасырын емес.
4. Дәрігер
Дәрігер мамандығы үлкен жауапкершілік пен шыдамдылықты талап етеді. Сол үшін де, бұл мамандық адамның психикасына өз ізін қалдырмай қоймайды. Кейбір дәрігерлер өз эмоциялары мен сезімдерін іште сақтауды жөн көріп, қиындықтармен өз бетінше күресуге тырысады. Сондай-ақ көптеген дәрігерлер сырт көзге жарқырап көрінгенімен, нағыз ішкі қобалжуларын ешкімге де көрсетпейді.
5. Журналист
Журналистер бір нәрсені ұзақ ойланып, содан кейін ғана шешім қабылдайтын адамдар емес. Бұл түсінікті де, өйткені олардың жұмыстарының негізгі мақсаты - ақпараттың тереңіне үңіліп, оны қазбалауды емес, керісінше оны үлкейтіп, кеңейтілген түрде адамдарға ұсынуды көздейді.