Қазақша посттар
Эйнштейннен 7 өмірлік сабақ
Пайдалы кеңестер

Эйнштейннен 7 өмірлік сабақ

1. Өз ойыңды ашып айтудан қорықпа. Себебі азғантай ғана адам қоғамның қойған талаптарына қарсы өз ойын ашық білдіре алады. Ал кейбіреулер өз ойын айтпақ түгілі, оны құрай да алмайды.


2. Өзіңнің ішкі түйсігіңе, интуицияңа құлақ ас. Өйткені интуиция - әр адамға берілген сый.


3. Қиындықтар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Сондықтан әрбір мәселеден оның шешімін, әрбір қиындықтан жаңа мүмкіндікті таба біл.


4. Білім алудан және жаңа нәрселерді үйренуден қашпай, өзіңді үздіксіз интеллектуалды

түрде дамытуға ұмтыл.


5. Өміріңді өзгерткің келсе, ең алдымен ой-санаңды өзгерт. Санаңды өзгертпей жатып, өміріңді өзгерту мүмкін емес.


6. Қателесу - прогресс пен дамудың белгісі. Сондықтан қателік жасап, сүрінуден қорықпағаның жөн.


7. Барлық адамға бірдей құрметпен және сыйластықпен қарап үйрен. Ол қарапайым ғана жұмысшы немесе бір елдің президенті болса да, бәрімен бірдей деңгейде амандасып, араласуға тырыс.