1. Бір уақыт тоқтап, деміңді ал. Шаруаларыңды қоя тұр да, айналаңа көз таста. Өзіңді қазіргі сәттің бір бөлігі ретінде сезінуге тырыс.
2. Қолыңа кітап алып, оқы немесе далаға шығып, өзіңмен-өзің жүріп, серуенде. Бұл сәттердің барлығы саған тыныштық тауып, өз-өзіңмен болған уақыттан рахат алуға көмектеседі.
3. Өз-өзіңнен бүгін сені не қуанта алатынын сұра. Әр күніңді осы сұрақтан бастап, өзіңе қуаныш сыйлай алатын нәрсені анықтауға тырыс. Мүмкін жақындарыңа, досыңа хабарласу немесе өз-өзіңе күтім жасау сенің көңіл-күйіңді көтере алатын шығар? Ең бастысы, осыны анықтап алсаң болды, сонда әр күнің қуанышпен өтетін болады.
4. Тіс тазалау, ыдыс жуу секілді қарапайым жұмыстар да біздің өміріміздің бөлшектері болып табылады. Алайда біз көбіне ол сәттерді елеп, ескермейміз. Бірақ бұл дұрыс емес. Өйткені бұндай сәттер біздің өміріміздің маңызды бөлігін құрап, бізге қазір өмір сүруге көмектеседі. Сондықтан да, өмірдің әрбір сәтін байқап, содан ләззат алуға тырыс.
5. Әлемде шабыт алатын нәрсе көп-ақ! Сен де солардың біреуін тауып, өзіңді алдыға жетелеп, жаныңа тыныштық сыйлайтын нәрсенің не екенін анықтап ал. Тіпті, дәл қазір ойланып көрсең де болады: Саған қуаныш сыйлап, аздаған қобалжу сыйлайтын не нәрсе?