Қазақша посттар
Мотивация

Ештеңеге құлшынысым жоқ

Құлшыныс - адамға шабыт беріп, әрекет етуге итермелейтін нәрсе. Адамда құлшыныс болмаса, өз ісін жақсы көріп, арманын орындай алмайды. Жетістікке неғұрлым тезірек жеткісі келген адамға құлшыныс ауадай қажет.


1. Құлшыныс өзіңе ұнайтын іспен айналысқанда пайда болады. Сондықтан күн сайын өзіңнің хоббиіңмен және сүйікті істеріңмен айналысуға уақыт бөліп тұруды ұмытпа.


2. Көбірек армандап, мақсаттарыңа қол жеткізген кезіңді көз алдыңа елестетуге тырыс.


3. Тек қана армандап қана қоймай, алдыңа нақты жоспар қоя біл. Мақсатқа жету жолыңды үтір-нүктесіне дейін жоспарлап қойсаң, тезірек әрекет етуге асығатын боласың.


4. Жан-жағыңды өмірге оптимистік көзқараспен қарайтын, табанды және құлшынысқа толы адамдармен қорша. Себебі айналаңдағы адамдар сенің жетістікке жетіп, тұлға болып қалыптасуыңда ерекше рөл атқарады.


5. Шаршап тұрған кезде құлшынысыңды арттыру анағұрлым қиынырақ. Сол үшін дұрыс тамақтану, уақытылы ұйықтау және арасында дене жаттығуларын жасау арқылы денсаулығыңды күтуді ұмытпағаның абзал.