ҰБТ тапсыратын оқушының мотивациясы:
- 11 жыл оқыған білімнің түкке жарамай қалғанын қаламаймын.
- ҰБТ-ға дайындалмай, құр бекерге уақыт өткізуді қаламаймын.
- Грант ұта алмай, ақылы бөлімде оқуды қаламаймын.
- Бір мамандықтың иесі болмауды қаламаймын.
- Жасым 18-ге толса да, ата-анамның мені асырап жүргенін қаламаймын.
- Әке-шешем қартайса да, жұмыс істеп жүргенін қаламаймын.
- Өмірім тек ішіп-жеумен өткенін қаламаймын.
- Қыдыруға, саяхатқа ақшам жетпей қалуын қаламаймын.
- Араласатын ортам оқымағандар болғанын қаламаймын.
- Өмірде бір жетістікке жетпей қалуды қаламаймын.
Егер сен де осыларды қаламасаң, онда қазірден ҰБТ-ға жақсылап дайындал.