Қазақша посттар

Бір жылды өзгеріссіз 75 рет өткізіп, оны өмір деп айтуға болмайды

✳️ Әркім еңбегіне, бағына қарай түрлі балл алады. Қаншама уақыт пен күш жұмсаған күндер артта қалады. Мақсатты меже оңай келмейтінін көріп жүрсіздер. Ерік-жігер мен талаптың адамды кез келген шыңға жеткізетінін байқадыңыздар.





✳️ Алдағы қызығы мен қиындығы мол өмірде де осы сценарий жүреді. Алға мақсат қойып, соған жетуге еңбектеніп, кедергіден сүрінген сайын қайта тұрып, отбасы мен достардың қолдауына сүйеніп, сол арманыңа жетесіз.





✳️ Бір күні екінші күніне ұқсаған адам зиянға ұшырайды деген тәмсіл бар. Яғни, бір күні бір күніне ұқсас, даму жоқ, алға ұмтылу жоқ, жалқаулық пен бос уақыт өткізу ауруына ұшыраған адамдар түбі зияндық көреді деген сөз.





✳️ Сондықтан Қазақстанның бір кірпіші болып қаланамын дейтін адам кешегіге қарағанда бүгін жаңа нәрсе үйренуі керек. Бүгінгіге қарағанда ертең жақсырақ болуға ұмтылу керек. Жыл сайын бір деңгейде тұра беруден қорқу керек, қашу қажет. Бір жылды өзгеріссіз 75 рет өткізсең, ол текке кеткен ғұмыр. Оны өмір деп айтуға келмейді.





👇Келісесіз бе?