Қазақша посттар
2022-08-04 14:58 Пайдалы кеңестер

Өзіңді дамытуға арналған TOP-3 кітап.

1. "Ультрамышление. Психология сверхнагрузок" - Трэвис Мэйси 

Бұл кітапта жүздеген сайыстардан өтіп, шыдамдылық сынағынан сүрінбеген, ультрамарафоншы спортсмен Трэвис Мэйсидің өмірі жайлы баяндалады. Трэвис өзінің кітабында жеңіс пен жеңіліс жайлы және жетістіктер мен әлсіздіктер жайлы сөз қозғап, өзінің сан қилы сынақтардан өту тәжірибесіне тоқталады. 


2. "Искра движения" - Джон Рэйти и Эрик Хагерман 

Физикалық жаттығулардың денсаулыққа пайдалы екенін барлығымыз білеміз. Бірақ сен олардың организмге стресспен, депрессиямен күресуге және ақыл-ой ерекшеліктерін қартайғанға дейін қаз-қалпында сақтауға көмектесе алатынын білесің бе?Физикалық жаттығулардың пайдасы жайлы толығырақ Джон Рэйти мен Эрик Хагерманның "Искра движения" атты кітабынан оқуыңа болады. 


3. "Глубокая работа" - Кэл Ньюпорт 

Кэл өз кітабында маңызды заттарға көңіл бөліп, уақытты үнемді пайдаланудың жолдары жайлы бірнеше пайдалы кеңестер келтіреді. Продуктивтілік жайлы жазылған өте пайдалы кітап болғандықтан, міндетті түрде оқуға кеңес береміз.