Аяқ астынан пайда болатын жағымсыз жағдайлар мен проблемалар көңіл-күйді түсіреді. Сондай-ақ күнделікті күйбең тірлік те бізді жиі-жиі стресске ұшыратып, жүйкемізді жұқартып жібереді. Осындай сәттерде өзімізді қайтадан қуанышты сезініп, көңіл-күйімізді көтеру үшін қандай әдіс қолданған тиімді?
Принстон университеті жүргізген зерттеудің нәтижесінде, ұзақ ойланып, терең ойға батудың орнына, жылдам ойланып, үнемі қозғалыста болуға тырысу ағзада бақыт гормондарының бөлініп, көңіл-күйдің жақсаруына әсер ететіні анықталды. Жылдам ойланып үйрену үшін мыналарды жасап көруге кеңес береміз:
- Кез келген видеоны жеделдетілген форматта (1.5Х, 2Х) қарау;
- Кітапты тез оқып шығу;
- 10 минутта қандай да бір мәселенің 100 түрлі шешімін ойлап табу.
- Шынайы болмаса да, жымиып күлімдеу миға "менде бәрі жақсы" деген хабар береді. Ал миымыз ағзаға стресспен күресуге көмектесетін нейропептидтерді және басқа да бақыт гормондарын жібереді. Бұл нені білдіреді? Біз эмоциямызды басқарып, қалаған көңіл-күйде бола аламыз.
- Жүрек қағысын қалыпқа түсіріп, қатты қобалжуды басу үшін бір шыны көк шай ішуге болады. Ол ағзаны зиянды антиоксиданттардан тазартып, көңіл-күйді жақсартады.