ЖОО-лардың бәрі білімімен мақтанады. Қос диплом береміз, шетелде осындай ЖОО-мен серіктеспіз, электронды кітапханамыз бар дейді. Бірақ біз бүгін студентке нақты ұсынатын артықшылығы бар үш ЖОО туралы айтып өтеміз. Таңдау өз еркіңізде.
КАЗГЮУ университеті (код: 174)
Мықты заңгер, экономист немесе тіл маманы болам десеңіз, әрине, бұл ЖОО алғашқы қатарда. Ал студент үшін ерекшелігі - дене шынықтыру сабағының орнына фитнес зал, йога, теннис, бокс, зумба, баскетбол, тоғызқұмалақ, шахмат, волейбол сияқты спорттың түрлерін таңдай аласыз. Көшеде ыстық күн астында терлеп, жүгіріп жүрмейсіз. Желдеткіштің астында, жайлы ортада спорттармен айналыса бересіз.
Еуразиялық Технологиялық Университет (код: 160)
Еуразиялық технологиялық университет - өз саласында білікті маман болғысы келетіндерге арналған. Сенің Машина жасау немесе Менеджмент таңдағаның маңызды емес - ETU практикаға назар аудара отырып, сала туралы қызықты түсінік береді. Университетіміздің соңғы инфрақұрылымын және мемлекеттік грант негізінде ЕТУ-не түскен кезде сенде жатақханада тегін тұру немесе 15 000 теңге көлеміндегі қосымша стипендия алуға мүмкіндік бар екенін атап өткен жөн.
Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті (код: 025)
Білікті ұстаз, педагог болғыңыз келсе, қағар есігіңіз осы ЖОО болсын. Бұл университет - өз студенттеріне үш мезгіл тегін тамақ беретін жалғыз оқу орны. Ол мемлекетпен бекітілген. Егер тамақ ішпесеңіз, ақшасы қолыңызға беріледі. Қыздар университеті педагогикалық университет болғандықтан, сіздің стипендияңыз 42000 тг болады. Стипендия + тегін тамақ = қалталы студент боп шыға келесіз.
Сұрақтарыңыз болса,аталған ЖОО-лардың өкілдеріне хабарласып, ақпарат алыңыз.