Кайдзен әдісі арқылы адам күнделікті әрбір бір минутын қандайда бір іспен шұғылдануға жұмсайды. Бір минут - бұл тым аз уақыт болып көрінуі мүмкін, бірақ өзіңізге ыңғайлы және оңай жұмыстарды тез әрі сапалы орындауға көмегін тигізеді.
Бұл қағида бойынша, сылтау айту сіздің қасиетіңізден аулақ болады. Тіпті жарты сағат ішінде бітіре алмаған немесе сол уақыт ішінде ала алмаған тыныштықты сізге кайдзен әдісі яғни бір минут бітіріп береді әрі тыныштық сыйлайды.
1 минут ішінде физикалық тұрғыдан сізге гимнастикамен, йогамен айналысуға немесе рухани тұрғыдан өзіңізбен-өзіңіз қалуға, қателікпен жұмыс істеуге және терең тыныс алып, ойлануға болады.
Жапондықтардың үзіліссіз және күні бойына жұмыс жасауы, ұйқысыз тыным таппай қызметке кірісулері де осы кайдзен тәсілінің арқасында жүзеге асып келеді. Олар бір минуттық үзіліс арқылы өздеріне деген сенімді күшейтіп, қанағат табады.
1 минут өтіп кетті, ал сіз не істеп үлгердіңіз?