Қазақша посттар
2022-07-28 16:17 Пайдалы кеңестер

Қайда қыдыруға болады?

Сабақ оқып шаршап кеткен шығарсыңдар? Жағдайың жетсе, бір саяхаттап қайтқанға не жетсін! Әлемнің алыс түкпіріне баруға да, жақын жерге шығуға да болады. Төменде 6 түрлі нұсқа ұсындық. Мүмкіндікті өзің қолдан жасап, достарыңмен, бауырларыңмен қыдырып қайт.


1. Алматы

Алматы қаласында аралауға болатын көрікті жерлер өте көп. Медеу, Шымбұлақ, Көкжайлау, Фурманов шыңы, Шарын, Көлсай мен Қайыңды, Есік көлі, ақын-жазушылардың мұражайы.


2. Қарағанды

Бұл жақта не бар деп тұрған боларсыңдар? Шынайы шахтаға түсіп, мұражайын көруге болады. Ең негізгісі, КарЛАГ-қа бару. КарЛАГ-тың көлеміне тұтас Франция сыйып кететінін білесің бе? Сол жерде тұтқында болған түрлі ұлттардың зиялыларының өмірі қалай болғанын көре аласың.


3. Түркістан

Бұған дейін тек Арыстанбаб пен Қожа Ахмет Яссауи кешеніне баратын едік. Енді Керуенсарайды тамашалап қайтсаң болады.


4. Батыс Қазақстан

Батыста не көп, әулиелердің тұрағы көп. Оған қоса, Бозжыраға барып, Марс планетасында болып қайтуға болады. Каспи теңізіне барып шомылғанға не жетсін (әрине, жазда).


5. Шығыс Қазақстан

Шығыстың сұлу табиғаты, Қатон-Қарағай, Абайдың туған жері, Оралхан Бөкей өскен жерлерді көріп қайта аласың.


6. Өзбекстан

Ақсақ Темірдің мұражайы, Самарқанд, Бұқара, Хиуаға барып, тарихты тамашалауға болады.