Қазір колледждің соңғы курсында оқып жатқан студенттердің басым бөлігі университетке тапсырып, білім алуын жалғастырғысы келеді.
Университетке түсу үшін ҰБТ тапсыру керек. Ал колледж түлектері ҰБТ-ны қалай тапсырады?
1. Өз мамандығын жалғастырғысы келетін талапкерлер Қысқартылған ҰБТ тапсырады:
Сұрақ саны - 60. Оның ішінде 20 сұрақ Жалпы кәсіптік пәннен және 40 сұрақ Арнайы пәннен беріледі. Қандай пән екені мамандыққа байланысты.
Ең жоғары балл - 70.
2. Мамандығын ауыстырғысы келетін талапкерлер кәдімгі ҰБТ тапсырады:
Сұрақ саны: 120. Оның ішінде 70 сұрақ бейіндік пәндерден (әрқайсысы 35 сұрақтан), Қазақстан тарихынан 15 сұрақ, Оқу сауаттылығынан 20 сұрақ және Математикалық сауаттылықтан 15 сұрақ.
Ең жоғары балл - 140.
Колледж түлектері Маусым және Тамыз ҰБТ-сын тапсыра алады. Маусым ҰБТ-сын 2 рет тапсырып, қалаған сертификатпен Мемлекеттік грант конкурсына қатыса алады, ал Тамыз ҰБТ-сының нәтижесімен ақылы бөлімге тапсыра алады.