Үнемі ұйқың қанбай жүретін болса, көп ұзамай ағзаңда әртүрлі аурулар пайда болып, денсаулығың нашарлап кетуі мүмкін.
Кейбір адамдар бір апта бойы дұрыс ұйықтамай, демалыста ұйықтап, солай ұйқының орнын толтыруға тырысады. Өкінішке орай, бұл әдіс ұйқыны сапалы етуге дәрменсіз. Бір күн дұрыс ұйықтамаудың салдары болашақта алдыңнан шықпасына кім кепіл?
Сапалы ұйқы дегеніміз - тәулігіне 7-8 сағат ұйықтау. Сондай-ақ түскі уақытта 20-30 минуттай тынығып алуға да болады.
Дұрыс ұйықтап жүргеніңді білу үшін мына белгілерге назар аудар:
- Егер таңертең ұйқыдан тұрғанда өзіңді сергек сезінсең;
- Кешкі уақытта өзіңді қатты шаршаңқы және әлсіз сезінбесең, онда бұл сенің ұйқыңның қанық әрі сапалы екендігінен хабар береді.
Таңғы уақыт пен кешкі уақыт ұйқының сапасы жайлы көп нәрсе айта алады. Сондықтан ұйқыңды жақсартуға көп мән беріп, ең алдымен адамның денесі емес, миы шаршайтынын ұмытпа.