Өз-өзін кедейліктен құтқарып, арманын жүзеге асырған Дэвид Сандерстің өмірі, көптеген адамға жетістікке жетудің үлгісі ретінде танымал.
Дэвидтің балалық шағы қиындыққа толы болды. Алты жасында сүйікті әкесінен айырылып, анасы жұмысқа кеткенде кішкентай інісі мен қарындасына қамқор болуға мәжбүр болады. Өмірінің осы кезінде Сандерс өзіне аспаздық әлемін ашып, жақындары мен туысқандарына дәмді ас дайындап, таңғалдырады. Алайда бұл дарынының ондаған жылдардан кейін ғана пайдаға асатынынан Сандерс беймәлім еді.
Дэвид 65 жасқа жеткенге дейін ондаған жұмыс орнын ауыстырып үлгереді. Оның ашқан мейрамханалары табыс әкелмей, бизнесі қайта- қайта тоқтап қала береді. Шарасыз күйде қалған Сандерс өзінің бұрын ойлап тапқан тауық қуырудың ерекше рецептісін есіне түсіреді. Сөйтіп барлық заттарын жинап, мейрамханалар мен тамақтану мекемелерін аралап, аспаздарға өз рецептісін сатуға тырысады. Алайда жұмыссыз қарияны аспаздар келеке етіп, ешкім де одан рецептіні сатып алғысы келмейді. Бірнеше ай бойы Американың мейрамханаларын шарлап, аспаздардан 1006 рет "жоқ" деген жауапты естісе де, Сандерс берілмейді.
Ақыр соңында, ол алғашқы клиентімен келісімшартқа отырып, өз дегеніне қол жеткізеді. 1960 жылдардан бастап, Сандерстің тауық еті "KFC" деген атпен Американың жүздеген мейрамханаларында сатыла бастайды. Ал қазіргі таңда Дэвид 18000-нан астам "Kentucky Fried Chicken" мейрамханаларын өз бет-бейнесімен көркемдеп, әлемдегі ең танымал адамдардың біріне айналды.