Қазақша посттар
Бұл постты ҰБТ тапсыратындар, дайындалатындар, оқу оқитындар оқу керек
Пайдалы кеңестер

Бұл постты ҰБТ тапсыратындар, дайындалатындар, оқу оқитындар оқу керек

Ең мықты жүзгіштің өзі суда қатайып жүзсе, 5 минуттан соң денесі шаршап қалады. Әлсіреп, қары талып, жүзе алмай қалады. Сондықтан оларға алғаш үйретілетін сабақ – босаңсу. Денеңді бос ұста, терең демал, қатайма!


Иә, босаңсу арқылы организм сыртқы ортаға қарсыласуын қояды. Денедегі қуат ешқайда кетпей, өзінде сақталады. Шаршамайды, өзін жақсы сезінеді.

Бұл әдісті ҰБТ тапсыратындар, ҰБТ-ға дайындалатындар, оқу оқитындар әрдайым қолдануға тиіс. Көп ақпарат оқып алған соң, 5 минут көзіңді жұмып, босаңсып, демалып ал. Асығатын дәнеңе жоқ. Бүкіл өмірің алда. Осы бастан дұрыс босаңсуды, демалуды үйрен.

Енді жеке кеңеске өтінішті "Дайындық" бөлімі арқылы бере аласың.

Сен қиналмасын деп приложениенің ішіне салып қойдық 😉 МЫНА сілтемені бас.