Қазақша посттар
Мотивация

№1 заңдылық

Әлемде өзгермейтін заңдылықтар бар. Күн шығыстан шығады, батысқа барып батады. Жарықтың жылдамдығы 300000 км/с, т.б. Сол сияқты бір іске бекініп, соңына дейін бітіруге ұмтылған адамға бүкіл әлем жолына құрал боп жұмсалады. Бұл әбден дәлелденген нәрсе.


Егер сен грантқа түсем деп ниеттенсең, онда қолыңнан келгеннің бәрін жасайсың. Түсінбегеніңді сұрап, білмегеніңді үйренесің. 50 км жерде мықты математик ұстаз бар десе, соған ерінбей барып, жаңадан білім аласың. Қолыңнан келгеннің бәрін жасаған соң, әрі қарай жаңа мүмкіндіктердің есігі ашылады. Сен іздеген адамдар жолыңнан кездесіп, сен іздеген материалдар алдыңнан шығады. Білетін нәрсеңмен амал етсең, білмейтін нәрселердің кілті беріледі.


Былайша айтқанда, мақсаты бар қайыққа кез келген жел көмекші.

Ал сен грант ұтуға шын бекіндің бе? Әлде үйдегілерден, жұрттан ұят деп ілініп-салынып оқып жүрсің бе?