Жұрттың сен туралы не ойлайтынына мән берме! Олар сен туралы мүлдем ойламайды да. Ойласа да, оның сені өзгертуге құқы жоқ. Себебі сені олар сатып алған жоқ. Сен дара тұлғасың!
Қыран! Ол ешкімге бағынбайды. Оны қанша жамандасаң да ол бәрібір биікте. Оны сынасаң да ол бәрібір биікте. Оған лайк баспасаң да оның ештеңесі кетпейді. «Оның қанаты әдемі емес, қауырсындары онша емес, талғамы жоқ, тез ұша алмайды» деп айта бер, оған оның «мұрты» да қисаймайды. Себебі ол адамдардың не ойлағанынан тәуелсіз.
Қыран болайықшы. Болмасақ та ұқсап бағайық.