Көптеген жетістікке жеткен адамдар таңғы рутинаға үлкен мән береді. Неге? Себебі таңғы уақыт - мидың жұмыс істеуіне ең қолайлы уақыт. Сондай-ақ күнді қалай бастасаң, ол қалған күнге де әсер етпей қоймайды. Сол үшін де, жетістікке жетіп, арманыңа бір қадам жақындау үшін таңғы уақытты ақылмен пайдаланып, барынша продуктивті өткізуге ұмтыл.
Мынау әлемге әйгілі адамдардың таңғы рутинасы, осылардың ішінен өзіңе ұнаған біреуін таңдап, соған сүйене отырып, өзіңнің таңғы рутинаңды құруға тырыс:
1. Арнольд Шварценеггер
1) 5:00-де ұйқыдан тұру
2) Жаңалықтар оқу
3) Электронды поштаны тексеру
4) 45 минут физикалық жаттығу жасау
5) Таңғы ас ішу
6) Душ қабылдау
7) Жұмысқа кірісу
2. Тони Роббинс
1) Ерте тұру
2) Тыныс алу жаттығуларын жасау
3) 10 минуттық визуализация жасау
4) 15-30 минут физикалық жаттығу жасау
3. Ричард Брэнсон
1) 5:45-те ұйқыдан тұру
2) Жүзу немесе тенниспен айналысу
3) Пайдалы таңғы ас ішу
4. Бенджамин Франклин
1) 5:00-де ұйқыдан тұру
2) Таңғы ас ішу
3) Бүгінгі күнге жоспар құру
4) 7:00-де жұмысқа кірісу
5. Хэл Элрод
Хэл Элрод SAVERS атты таңғы ритуал жүйесін жасап шығарды.
1) S - (silence) тыныштық: медитация жасау немесе тыныштық күйіне еніп, отыра тұру
2) A - (affirmations) аффирмациялар: мақсаттарыңды айқындап, өз-өзіңе деген сенімділікті арттыру
3) V - (visualization) визуализация: арманыңды орындап, мақсатыңа жеткен кезді көз алдыңа елестету
4) E - (exercise) физикалық жаттығу
5) R - (reading) кітап оқу
6) S - (scribing) жеке күнделік жүргізу