Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Түсінбей есте сақтай алмайсың!

Логикалық (мағыналық) есте сақтау – ақпаратты толық түсіне отырып, мағынасына мән беру арқылы есте сақтаудың түрі.

Логикалық есте сақтауды іске қосу үшін адам ақпараттың мағынасына тереңірек үңіліп, түсіне білуі керек.


Сонымен логикалық есте сақтауды қалай дамытуға болады?

1. Алдымен материалға анализ жасап, оны түсіну үшін мына сұрақтарға жауап беруің қажет:

a) Мен қандай материалды оқуым керек?

b) Мен бұл материалды не мақсатпен оқуым керек?

c) Материалда не туралы жазылған?


2. Ендігі кезекте материалды басқа материалдармен байланыстырып, көбірек мәлімет алуға тырыс. Мысалы, ағылшын тілін үйреніп жүрсең, оның шығу тарихы жайлы оқып, Шекспирдің атақты дәйексөздерін аударып көруіңе болады.


Логикалық есте сақтауды дамытуға арналған мынадай ойын түріндегі жаттығулар бар.

1. Бұл ойынды ойнау үшін екі адам қажет: жүргізуші және қатысушы.

Жүргізуші мағынасы жағынан ұқсас жұп сөздерді қатысушыға айтып отырады. Мысалы: ойнау-қуыршақ, қар-қыс, доп-футбол және т.б.

Жүргізуші осы сөздердің барлығын жұп-жұбымен айтқан кезде, қатысушы тыңдап отырып, барлық сөздерді жұп-жұбымен жаттап алуы керек. Себебі кейін жүргізуші бір сөзді айтқанда, қатысушыға сол сөздің жұбын табу керек болады.

2. Екінші ойынға да екі адам қажет: жүргізуші мен қатысушы.

Ойын шарты бойынша, жүргізуші үш сөз айтады, ал қатысушы олардың ішінен қай сөздің артық екенін табуға тырысады. Мысалы: аққу-құрылыс-экран, Құнанбаев-ошақ-қолшатыр және т.б. Еске салатын бір нәрсе: бұл ойында артық сөздің болмауы да мүмкін, бәрі қатысушының логикалық ойлауына байланысты.