Қазақша посттар

Өмірлік миссияң қандай?

Егер осы уақытқа дейін өмірлік миссияңды тауып үлгермесең, бұл ренжуге сылтау емес. Ондай адамдар әлі қаншама.





Кейбір адамдар миссия мен мамандықты шатастырып, адам өзін өмірде тек бір ғана сферада дамыта алады деп ойлайды. Бірақ бұл - қате пікір. Оған дәлел ретінде өткен ғасырлардың Эйнштейн, Леонардо да Винчи секілді ұлы данышпандарының өмірлерін алуға болады. Олар өздерін жан-жақтан дамытып, көптеген эксперименттер жүргізген. Соның арқасында өмірлік миссияларын тауып, үлкен жетістіктерге жеткен.





Сонымен өзіңнің өмірлік миссияңды қалай табуға болады?





Өмірлік миссияны табу үшін адам өзін өмірдің әр сферасында байқап көруі керек. Миссия деген - сенің таңертең үлкен құлшыныспен оянып, жасауға асығатын ісің. Мысалы, кейбір адамдардың өз мамандықтарын қатты жақсы көретіні сонша, олар жұмыс жасаған сайын содан рақат алып, ешқандай шаршап-шалдығуды сезінбейді. Міне, нағыз миссия деген осындай болуы керек.





Ал енді саған өмірлік миссияңды табуға көмектесетін кішкентай кеңес: Жан-жағыңды зерттеп, айналаңа көп көңіл бөл. Егер әр күніңді төрт қабырғада қамалып өткізетін болсаң, өмірлік миссияң сені өзі іздеп келеді деп ойлайсың ба? Өз-өзіңді қолға алып, әртүрлі адамдармен араласып, бір-біріне мүлде ұқсамайтын қызығушылықтармен айналысуға тырыс.