Ең бірінші, Қазақстан тарихы . Себебі, бұл жерде онша логика керек емес. Білетін сұрақтарың бірден санаңда айқындалып тұрады. Миды да қатты жұмыс істетпейсің.
Маңызды ескерту! Тестке кіріскенде тек нақты білетін сұрақтарды белгілеген жөн!
Келесі, Оқу сауаттылығы . Бұл жерде де тек білетін сұрақтарды тез белгілеп аламыз.
Егер де таңдау пәніңздегі сұрақтар көбіне фактіге негізделген болса, онда соны жасап тастаңыз. Ал, ойланып барып жауап беретін немесе есеп шығаратын сабақты таңдасаңыз, онда келесі кезекті Математикалық сауаттылық қа беріңіз.
Содан кейін таңдау пәндеріңізге беріңіз. Жауабы қиын емес барлық есеп пен сұрақты шешіңіз. Осылайша сіз тестті бір шолып шықтыңыз және нақты білетін сұрақтарды белгіледіңіз.
Енді қанша балл нақты алатыныңызды санап алыңыз. Сол арқылы минималды баллды біліп аласыз.
Екінші рет шолу барысында дәл осындай ретпен біраз ойланатын, бірақ жауабын нақты тапқан сұрақтарды белгілеңіз. Енді сіздің минималды балыңыз көбейді.
Одан кейін нақты емес сұрақтарды белгілей бастаңыз. Сол кезде сіз ҰБТ-да кем дегенде білетін сұрақтардан балл жоғалтпайсыз, ал білмеген сұрақтардан жауабыңыз дұрыс шығып қалса, пайдалы болмақ.
Сіз қай пәннен бастайсыз?
Достарыңызды шақыруды ұмытпаңыз. Білім бөліскен сайын көбейеді.