Қазақша посттар
Мотивация

Дамуыңды тежейтін адамдармен көп араласасың ба?

1. Сен бос уақытыңды компьютердің алдында ойын ойнап немесе әлеуметтік желіні ақтарумен өткізесің. Егер бұл сен үшін шындық болса, онда өзіңе мынадай сұрақтар қой: "Маған қандай іспен айналысқан ұнайды?" "Менің қызығушылықтарым қандай?" Ешқандай пайдасы жоқ, пайдасыз істермен айналысуды доғаруға тырыс.


2. Өміріңді өзгертуге ешқандай әрекет жасамайсың. Керісінше, оны одан сайын негативке толтыра бересің. Ал негатив сенің алға жылжып, өзіңді дамытуға кедергі жасайды. Жақындарыңмен және достарыңмен бірге уақыт өткізіп, саяхаттап, өмірді не үшін сүретінің жайлы ойлан.


3. Сен спортпен мүлде айналыспайсың. Бұл сенің өз денсаулығыңа немқұрайлы қарайтыныңның белгісі. Дұрыс тамақтану мен спорт мықты денсаулықты беретінін білесің ғой, ендеше не себепті өз денсаулығыңа көңіл бөлмейсің? Сондықтан кеш болмай тұрғанда, денсаулығыңды бүгіннен бастап, қолға ал.


4. Сенің дамуыңды тежейтін адамдармен көп араласасың ба? Ондай адамдар саған алға жылжуға мүмкіндік бермей, жолыңды бөгейді. Уақытты бағалай білетін және алдына қойған мақсаттары бар адамдармен көбірек аралас.


5. Болашаққа құрған жоспарың жоқ. Сен өз өміріңнің иесі ретінде, оны басқарып, өз армандарыңды жүзеге асыра білуің керек. Ал ол үшін ең бірінші сен өз алдыңа нақты жоспар құрып алуың қажет.