Өз-өзін бағалау деңгейінің жоғары болуы - адамның өз-өзіне сенімді екенін білдіреді.
1. Өз-өзіңді бағалаудың жоғары болуы - сенің психикалық жағдайың мен денсаулығыңның жақсы күйде болуының бірден-бір себебі. Ол саған қиын кездерде өз-өзіңді бақылауда ұстауға және негативке көп назар аудармауға көмектеседі.
2. Егер сенің өзіңді бағалауың жоғары болса, демек, сен өз-өзіңді қиындықтар үшін айыптап ренжітпейсің және стресс пен қобалжуды әлдеқайда тез жеңесің.
3. Өзін бағалау деңгейі жоғары адам әрдайым өзін жетілдіріп, дамытудың жолдарын қарастырып жүреді. Ал, керісінше, төмен адам өзіне деген негативті сезімдерін одан сайын күшейтіп, өзін дамытуды мүлде ойына да алмайтын болады.
4. Окаяма университеті жүргізген зерттеулер нәтижесінде бала кезінен бастап, өз-өзіне позитивті көзқараспен қарап өскен адам, өмірлік қиындықтарға тез бейімделіп, оңайлықпен төтеп бере алатындығы белгілі болды. Сондай-ақ өзін жоғары бағалау әртүрлі стрессті жағдайларда салқынқандылықты сақтап, басқа адамдармен еш қиындықсыз араласуға септігін тигізеді.