Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

ҰБТ-да математикадан жоғары балл алудың 4 жолы 😍

«Математика - ең арзан ғылымдардың бірі. Неге десеңіз, физика, химия секілді ғылымдарға қарағанда, математикамен айналысу үшін ешқандай қымбат тұратын құрылғылар керек емес»,- деген екен атақты венгриялық математик Дьёрдь Пойа.

1. Есептің шешімін дұрыс тапқың келсе, ең алдымен оның шартымен толық танысып, түсініп алу қажет. Талапкерлердің көбі сұрақты асығып оқып, дұрыс түсінбей қалғандықтан, аз балл жинап қалады. Сондықтан уақытыңды ақылмен пайдаланып, өзіңе ойлануға мүмкіндік беруге тырыс.

2. Формула мен ережені оңай жаттап алу үшін оларды өз ыңғайыңа қарай креативті сөздермен алмастырып, күлкілі етіп құрауға болады. Біздің миымыз үшін ғылыми терминмен жазылған сөйлемдер іш пыстыратын болғасын, есте сақтау қиындық тудырады. Ал құлаққа ерекше естілетін, қызықты сөйлемдерді ми бірден қағып алып, оп-оңай жаттап алады.

3. Қазіргі таңда математиканы үйренудің әртүрлі әдіс-тәсілдері кең таралған. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде математиканы қызықты етіп түсіндіретін оқытушылар мен смартфонға жазып алуға болатын қосымшалар бар. Бұлардың барлығы сенің математикаға деген қызығушылығыңды арттырып, есеп шығарудың тиімді жолдарын үйренуге көмектеседі.

4. Күн сайын әртүрлі деңгейдегі есептерді шығарып, миыңды жаттықтыру арқылы жоғары балл жинау ықтималдығын арттырасың. Сол үшін дайындыққа шын ықыласыңмен беріліп, ең бастысы, өз-өзіңе сенуді ұмытпа!