Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Сенің өміріңе өзерістер қажет екендігінің 6 белгісі

1. Адам өмірінде бірнеше мамандық, көптеген жұмыс орнын ауыстырады және жүздеген затқа қызығушылық танытады. Егер сен белгілі бір затқа қызығушылық жоғалтып, бірақ оның орнына басқа қызығушылық пайда болмаса, онда бұны өзгертудің уақыты келді.


2. Егер ештеңе бітірмей-ақ шаршай беретін болсаң, онда бір мәселеге алаңдап жүрсің. Сол ойлар қысым жасап, шаршауыңа себеп болып тұр. Бұл мәселені тауып, тез арада шешу керек.


3. Адам — қоғамның бір бөлігі. Қоғамдағы оқиғалар саған қызық болмаса, онда не үшін бұлай екенін ойланатын уақыт келді.


4. Ұйқы балансы да өмірдің сапасына әсерін тигізеді. Ересек адам тәулігіне шашамен 8 сағат ұйықтауы керек. Егер сен бұл нормадан көп немесе аз ұйықтасаң, ұйқы графигін дұрыстап, өміріңді жақсы жаққа өзгертудің бірден-бір қадамын жаса.


5. Біреуге тәуелділік ешқандай жақсылыққа алып келмейді. Ата-анаңа, сүйікті адамыңа тәуелділік, басқа адамның пікіріне, алкогольдік сусындарға немесе тіпті смартфоныңа тәуелділікті мысал қылып алсақ болады.


6. Сен өзіңді "жоғалта" бастауың. Бөтен адамдардың ортасында өзіңді басқа адам ретінде

көрсеткің келе ме? Мұның себебін табу керек және оны бүге-шүгесіне дейін зерттеу керек. Иә, оңай емес, бірақ бұл сенің өміріңдегі ауқымды өзгерістерге алып келеді.