Қазақша посттар

Ақпараты көп сабаққа дайындалудың жолдары

📚Гуманитарлық пәндерде ақпарат көп. Жай ғана тарихтың өзінен басың айналып кетеді. Адам аты көп, жыл көп, жері аты көп. География да оңай емес. Бұл пәндерге қалай дайындалу керек?🤨





🔗Адам бір іске кіріспес үшін өзіне зерттеу жасау қажет. Мысалы, SWOT анализ. Тарихтың қай бөлімінен мықтымын, қай бөлімінен әлсізбін, қолданбай жүрген қандай мықты мүмкіндіктерім бар, қандай қауіп бар? Осы сұрақтарға жауап берсең, ары қарай не істеу керектігі айқындалады. Бір керемет мүмкіндік бар, JOO.KZ дайындаған тесттен өтсең, тарихтың қай саласынан нашарсың, бірден білінеді.🤗





📌Тағы бір ескеретін нәрсе, өзіңнің визуал не аудиал екеніңді анықтап ал. Аудиал болсаң, онда материалдың көп бөлігін дауыстап айту қажет. Қажеттісін есту керек. Ал визуал болсаң, онда көбірек жазуға, сурет салуға, бояуға тырыс.📝





😉Аудиал болсаң, визуалдың әдісін істеуге болмайды деп ұқпау қажет. Оны да жасап көр. Мәселеге бар қырынын келсең, соғұрлым мөлдір болады.





✅Білетін тақырыптарды арасында бір қайталап қойсаң жеткілікті. Білмейтін тақырыптарыңды бастан-аяқ оқып, астын үстіне төңкеріп, толық меңгеріп шығу қажет. Сосын оны интервалды қайталау әдісіне салып қою керек. Энергияң сақталады, уақытың аз кетеді⏳.