Қазақша посттар
Мотивация

Есіңе саламыз: ҰБТ өмірдің соңы емес.

Қаңтардағы ҰБТ-дан жоғары балл жинасаң, маусымдағы ҰБТ-ға қатысып, одан да жоғары балл жинауға мүмкіндік бар. Немесе қаңтардағы тесттен төмен балл жинасаң, маусымдағы ҰБТ-дан жоғары балл жинауға мүмкіндігің бар. Арадағы төрт айды дұрыс пайдалансаң, өте жақсы нәтиже шығаруға болады.


Қазір болып жатқан тесттен аз балл жинасаң, салың суға кетпесін. Саған мүмкіндік қайта-қайта беріледі. Бірін жоғалтып алсаң, екіншісін қолданасың. Тура ойындағы сияқты: мәреге дейін жетпесең, қайтадан басынан бастап ойнайсың.


Сен сүрініп, қайтадан орныңнан тұрған сайын күшейесің. Ерік-жігерің темірдей боп қатаяды. Ешқашан берілме. Біздің қоғамға сен сияқты соңына дейін баратын білімді, тәрбиелі батырлар қажет.