Қазіргі кезде тиктокта 7-8 сағаттан отыратындар бар. Қолына телефон ұстаса, автоматты түрде сонда кіріп кетеді. Тиктоктың ең зиян жері - трендтегі видеолар бірден қосылып кетеді. Олар әр түрлі жанрдағы видеолар. Еш пайдасы жоқ, тек күлкілі. Бір видео бітсе, екіншісі басталады. Соларға қарап отырып, 2-3 сағаттың қалай өтіп кеткенін білмей қаласың. Ендеше тиктокқа тәуелді болмаудың жолын қарастырайық.
1. Тиктокқа тәуелділікті бір күнде жоя алмайсың. Оған біраз уақыт керек. Мүлдем қолданбай қоюға да болмайды. Бастысы, ниеттену керек.
2. Тиктокқа кететін уақытты смартфоннан көре аласың. Соны күн сайын аз-аздан азайту керек. Бүгін 2 сағат кетсе, ертеңге 1 сағат 45 минутқа таймер қою қажет.
3. Күнді тиктоксыз бастап, түнді тиктоксыз аяқтап үйрену керек.
4. Пайдалы контентке жазыл. Бос күлкіге ере бермей, уақытты пайдалы білім алуға жұмсап үйрен.
5. Өзіңді жетілдіретін курстарға, тренингке қатыс.
6. Тиктокты басты экранға емес, папкалардың ішіне тығып таста. Сонда бірден кіре бермейсің.
Әрине, өзің уақыттың бос өткенін жұлыныңмен сезініп, өз еркіңмен бас тартсаң, жеңіс сонда болады.