Жетістікке жету үшін тек IQ деңгейінің жоғары болуы жеткіліксіз. Жетістікке жету үшін адамға IQ деңгейімен қоса мына қабілеттер де ауадай қажет:
a) саналылық
b) ашық-жарқын болу
c) басқа адамдармен қарым-қатынас орната білу
d) эмоционалды тұрақтылық
e) экстраверсия
Бұл қабілеттер адамға жетістікке жетуге қалай көмектесе алады?
Біріншіден, жоғарыда аталған қабілеттердің барлығы soft skills болып табылады. Ал зерттеулер нәтижесі бойынша, soft skills қабілеттері бар адамдар 85% жағдайда қаржылық жағынан жетістікке жететіні анықталды.
Екіншіден, адамдар оптимистік көзқарасты ұстанатын және ашық-жарқын жандармен араласып, байланысқанды ұнатады. Бұлардан бөлек мына қабілеттерді де дамыту артықшылық береді:
1. Өз эмоцияларыңды басқарып, өз-өзіңді ұстай білу.
2. Құлшыныс пен шабыт адамға, тіпті, мотивация болмаған жағдайда да мақсатына жетуге көмектеседі.
3. Жаңа нәрсеге тез бейімделу. Әлем үздіксіз дамып жатқандықтан, күн сайын адам баласы үлкен көлемдегі ақпаратты қабылдап, оның ішінен керегін алып, өз-өзін дамытып отыруы қажет. Ондай адамның алдынан жаңа мүмкіндіктер ашылып, жетістікке жететін даңғыл жол ашылады.
Мысалы, ғаламторда отыратын уақытыңды әлеуметтік желілерге құртқанша, ҰБТ-ға дайындал. Иә-иә, ҰБТ-ға онлайн форматта да дайындалуға болады, бұл қай жағынан қарасаң да ыңғайлы. Біздің курста күнде тікелей эфирлер болады, тапсырмалар беріледі, ал апта сайын пробный тест тапсыруға болады.
Толық ақпарат алу үшін МЫНА сілтемеге өт.